• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Руханият 06 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

1620 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қымбатты отандастар! 

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. 

Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді. 

Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, эт­нос­аралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр.  Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!