• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Анна Шевченко қола медаль жеңіп алды

144 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко ел қоржынына бесінші жүлдесін салды. Ол 15 шақырымдық масс-старт сайысында қола жүлдеге ие болды. Бұл сында алтын медаль ресейлік Лилия Васильеваға бұйырса, екінші орынға оның отандасы Анна Нечаевская тұрақтады. Сонымен қатар, Қазақстан атынан шыққан Ольга Мадрика (+48.1) бесінші, Ангелика Шурыга (+1:48.2) сегізінші, Марина Матросова (+3:05.4) тоғызыншы болып келді. Айта кетейік, Анна Шевченко Универсиада ойындарында екі қола, бір күміс және бір алтын жүлде жеңіп алған.