Балқаш қаласы Қараменді би 10-шы үйдің бір жақ бөлігі опырылып түсті. Бұл көпқабатты үй 1950 жылы салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған үй апатты деп танылған. Абырой болғанда үйдегі тұрғындарды бір жыл бұрын көшіріп жіберген. Зардап шеккендер жоқ.
«Хабарлаймыз, 2025 жылы көрсетілген подъезд Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасының негізінде апатты деп танылған. 5-подъезд тұрғындары алдын ала қоныс аударылып, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылған. Қазіргі таңда тұрғындардың бір бөлігі баспанамен қамтамасыз етілді. Құлау сәтінде қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Ғимарат қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылды, инженерлік коммуникациялар (электр, жылу, су жүйелері) белгіленген тәртіппен ажыратылды», дейді әкімдік.
Қазіргі уақытта құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, 5-кіреберісті демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып түсті
«Демонтаж жұмысы кезеңінде бүкіл үйдің (шамамен 120 отбасы) тұрғындарын толық эвакуациялау ұйымдастырылды. Қалған кіреберістердің тұрғындарына Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес уақытша тұрғын үй беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған 4 кіреберісте қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі. Олар тұруға жарамды және қауіпсіздік талаптарына сәйкес деп танылған жағдайда, тұрғындар өз пәтерлеріне қайта орала алады. Алдағы уақытта қалған кіреберістердің конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама белгіленген тәртіппен әзірленеді», деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі.
Қостанайда 2,2 млрд теңгеге салынған жаңа мектептің шатыры опырылып түсті