Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес «Қазсушар» филиалдары мен өндірістік бөлімшелерінде, сондай-ақ барлық бассейндік су инспекцияларда жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Кеңеске қатысушылар еліміздің басты заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтарды қарастырып, су шаруашылығына және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайына қатысты нормаларды талқылап жатыр. Конституциялық өзгерістердің құқықтық маңызы мен құжатта көзделген қағидаттарды іске асыру мәселелері түсіндірілген. Ашық пікір алмасу жүргізіліп, мамандардың барлық сұрағына нақты жауаптар ұсынылған.
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ұжымы референдумға қатысуды қолдады
«Инженер-гидротехник ретінде жаңа Конституция жобасында біздің салаға қатысты көптеген норманы көріп отырмын. Мысалы, су қауіпсіздігі басымдық ретінде бекітілген, инновацияларға, ғылым мен цифрландыруға баса мән берілген. Біз, жас мамандар, бұл өзгерістерге белсенді қатысуға дайынбыз», деді «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының инженер-гидротехнигі Дидар Ахметжанов.
Сала мамандары жаңа Конституция жобасында экологиялық аспектілерге де назар аударылғанын атап өтті.
«Родина» ЖШС ұжымы республикалық референдум өткізуді қолдады
«Жаңа Конституция жобасында тұрақты даму тұрғысынан қарастырылған экологиялық аспектілер қамтылған. Бұл жерде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының логикалық жалғасы айқын көрінеді. Әрбір отандасымыз өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, Ата заң жобасы бойынша пікірін айту үшін референдумға қатысуы тиіс деп есептеймін», деді «Қазсушар» РМК Қ.Сәтпаев атындағы канал филиалының жетекші инженер-гидротехнигі Светлана Жаркова.
ERG қызметкерлері жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады