Ақтөбе қаласында жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты талқылау, ашық диалог мәдениетін дамыту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған ортақ ұстаным қалыптастыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиынды ашқан «Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш бүгінгі жастар пікірталасы Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіну және жастардың қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауына мүмкіндік беретін алаң екенін атап өтті.
Гидротехниктер жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Пікірталасқа қатысқан белсенді жастар Конституцияның жаңа жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді. Олар бұл реформаны елдің демократиялық бағытын айқындайтын және азаматтық қоғамды нығайтатын тарихи қадам ретінде бағалады. Жастар атап өткендей, жаңа Конституция адам капиталына, білім мен инновацияға басымдық бере отырып, жас буын үшін жаңа әлеуметтік лифтілер мен құқықтық кепілдіктер ашады.
Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды
Іс-шараға сондай-ақ Ақтөбе облысы жастар басқармасының бөлім басшысы Мади Кемешов және облыстық ЖРО, Жастар бастамаларын қолдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Дастан Құрманбай қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция – өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау деген ортақ байламға келді.