Үкімет • 20 Желтоқсан, 2019
Парламент Сенаты теміржол көлігі мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады
Бұл құжат саладағы 3 негізгі мәселені шешуге бағытталған. Біріншісі – жолаушылар тасымалын субсидиялауды оңтайландыру және ашық ету. Екіншісі – жасырын жүк транзитінің алдын алу. Үшінші мәселе – тұтынушылар құқығын қорғауды есепке ала отырып, кірме жолдардың қызметін реттеу. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 20 Желтоқсан, 2019
Қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы қаралды
Парламент Мәжілісі депутаттарынан құралған делегация ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ өкілдерімен, сондай-ақ Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекеттерінде болып қайтты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Б. Сағынтаев қаламгерлер мен әдебиетші ғалымдарға грант тапсырды
Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев грант иегерлеріне сертификаттарды табыстау рәсіміне қатысты.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Қала әкімі Алматының Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесті
Алмалы ауданының тұрғындары ПИК-тердің және монополистердің жұмыстарына шағымданды, сонымен қатар, экологияны жақсарту, қалада өмір сүру үшін жайлы жағдайлар жасау жөнінде пайдалы ұсыныстар айтты.
Үкімет • 20 Желтоқсан, 2019
Павлодар облысында «Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
2019 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 30 063 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 664 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 463-і немесе 85% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.