Әлем • 23 Желтоқсан, 2019
Француздар зейнеткерлік реформасына қарсы
Франциядағы зейнеткерлік реформасына қарсы митингілер әлі жалғасып жатыр. Екі апта бұрын реформаға наразылығын білдірген халық, өз қалауына жетпей үйлеріне қайтпайтын сыңайлы. 17 желтоқсанда үшінші жалпы ұлттық акция өтіп, оған республика бойынша 615 мыңнан астам адам қатысқан.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2019
Дональд Трампқа импичмент жариялануы мүмкін бе?
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Дональд Трампқа бірнеше айып тағып, олардың дұрыс-бұрыстығын нақтылау үшін дауысқа салды. Осылайша ол АҚШ тарихындағы Өкілдер палатасы импичмент жариялаған үшінші президент болып отыр. Оның өкілеттігіне қатысты нақты шешімді жоғарғы палата 2020 жылдың қаңтарында жариялайды.
Медицина • 23 Желтоқсан, 2019
АИТВ жұқтырғандар ерекше қолдауға ие болады
Қазақстанда АИТВ (ВИЧ) жұқтырған және басқа да созылмалы ауруларға шалдыққан балалар мен жасөспірімдерді психо-әлеуметтік қолдаудың жаңа әмбебап стандарттары ұлттық медициналық білім беру жүйесіне енгізілуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді психо-әлеуметтік қолдау» оқу модулін ұсынды.
Медицина • 23 Желтоқсан, 2019
Орталық коммуникация қызметінің алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин тұмаудан сақтануға және аурудың салдарымен күрес жайы туралы әңгімеледі.
Ауыр атлетика • 23 Желтоқсан, 2019
Лицензиялық турнирде топ жарды
Бұл күндері Қатар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына жолдама беруші лицензиялық турнир өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар үшін табысты басталды.