Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2019
ТҚЖБ: Маңғыстауда 65 мың салымшы мемлекет сыйлығын алады
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын өңірдің 65 000-ға жуық тұрғыны ала алады. Қазір Маңғыстау облысында осыншама ТҚЖБ салымшылары бар. Оның 18 475-і осы жылы келісім-шарт ашты. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуде банк филиалының директоры Медет Абугалиев мәлімдеді.
Парламент • 23 Желтоқсан, 2019
Сенаторлар Өзбекстандағы сайлауға байқаушы ретінде қатысты
Сенаторлар Ерболат Мұқаев және Ғұмар Дүйсембаев Өзбекстандағы сайлауға ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА байқаушылар миссиясына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2019
Қызылордада табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталды
Қызылорда облысы табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау шараларын ұсынуға бағытталған «Менің кәсібім» жобасы сәтті іске асырылып жатқан бесінші аймақ болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2019
Қазақстанда лифт шаруашылығы орталығын құру жоспарлануда
Корей елінің компаниясы Қазақстанда лифт индустриясы үшін орталық салу жобасын жүзеге асыруға ниетті. Бүгін Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов «Ofe Co., Ltd» компаниясының бас директоры Хам Ён-Чхер мырзамен кездесіп, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыға салды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2019
Мүгедектік 5 жылға берілетін аурулардың тізбесі бекітілді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейінгі ҚР мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ересектерге мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар тізбесі бекітілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.