Экономика • 24 Желтоқсан, 2019
Қарадаланың қызанағы – Ресейге экспортталады
Жетісу өлкесіндегі жылыжай өндірісі жақсы жолға қойылған өңірдің бірі – Ұйғыр ауданы. Бүгінде ауданда заманға сай технологиямен жабдықталған 5 жылыжай жұмыс істеп тұр. Жалпы аумағы 10,4 гектар аумақты алып жатқан өндірісте өткен 6 ай ішінде 1200 тоннадан астам өнім жиналған.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Азаматтық қоғам мықты болса, мемлекет те мықты болады
Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түйсінер кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі. Осы орайда біз бірқатар маманға өз сауалымызды қойған едік.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. ...Ұлы даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлы форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз» Н.Назарбаев(«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан)
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Қазір бүкіл әлем үлкен өзгерістер қарсаңында тұр. Кешегі құндылықтарыңыздың бүгінге жарамай қалып жатқанын көз көруде. Бір кездегі бүкіл әлемге үлгі шашқан алып империялардың өздері бастарынан қилы-қилы тағдырларды өткізуде.
Руханият • 24 Желтоқсан, 2019
…Қазақтың даңқты қыздарының бірі ақын Фариза Оңғарсынованың өмірден өткеніне бес жылдан асты. Тірі болса, биыл желтоқсан айында 80 жасқа толар еді...