Медицина • 21 Желтоқсан, 2017
Мамансыз кеңсе түрлі қызметтер көрсетеді
Астана қаласында «Қазпоштаның» тұңғыш цифрлы кеңсесі ашылды. Оның табалдырығын аттаған тұтынушыларды «Қуаныш» есімді робот «Қазпоштаның» цифрлық кеңсесіне қош келдіңіз» деп қарсы алады. Алдағы уақытта мұндай кеңселер еліміздің бірнеше қаласында іске қосылмақ. Елордадағы алғашқы арнайы мамансыз қызмет көрсету нысанын Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев аралап, жаңа технологиялармен танысты. «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов кеңсе жұмысы жайында әңгімелеп, электронды коммерцияны қарқынды дамытып жатқандарын жеткізді. «Бөлімшелерді жаңартып, көптеген сервистерімізді онлайн үлгіге көшірудеміз. Бүгіннің өзінде адамдарға машиналар қызмет көрсететін бөлімшені ашып, еліміздің цифрлы саладағы болашағын қалыптастырмақпыз», деді ол.
Медицина • 21 Желтоқсан, 2017
Қызмет әрдайым сапалы болуы тиіс
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету және электронды үкіметті дамыту мәселелері, сонымен қатар нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу қорытындылары талқыланды. Сондай-ақ мемлекеттік статистика туралы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жайы қаралды.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
Салық қатынастары туралы заң мақұлданды
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында мемлекетаралық салық қатынастарын реттеуге бағытталған бірқатар заң жобалары мақұлданды. Соның бірі – Қазақстан мен Үндістан Үкіметтері арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оның Хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы болды.
Президент • 21 Желтоқсан, 2017
Қазақстан Республикасының Заңы: №116-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b))
Әдебиет • 21 Желтоқсан, 2017
Тәуелсіздік тақырыбы мен бүгінгі қазақстандық қоғамдағы рухани жаңғыру көріністерінің арасында тығыз байланыс пен үндестік бар. Біздің бүгінгі барлық жетістіктеріміз бен табыстарымыздың түп-тамыры тәуелсіздіктен бастау алатыны сөзсіз. Ал биылғы көктемде Мемлекет басшысы белгілеп берген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тәуелсіздігімізді одан әрі тұғырландыруға өз ықпалы мен септігін тигізді.