Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
«Air Astana» Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында қосымша рейстер ашты
«Bek Air» әуе компаниясы ұшырылымдарының уақытша тоқтатылуына байланысты 2019 жылғы 27-31 желтоқсан күндері аралығына жоспарланған әуе компаниясының Нұрсұлтан-Қызылорда, Қызылорда - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Атырау, Атырау - Шымкент, Шымкент - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Алматы - Орал, Орал - Алматы, Алматы - Ақтау, Ақтау - Алматы, Алматы - Павлодар, Павлодар - Алматы, Ақтау - Шымкент, Атырау - Алматы, Нұр-Сұлтан - Шымкент, Алматы - Нұр-Сұлтан, Шымкент - Атырау, Атырау - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Алматы, Шымкент - Ақтау бағыттары бойынша 100-ге жуық рейсі орындалмайды. Бұл бағыттарға барлығы 9157 билет (8180 ересек, 765 бала, 212 нәресте) сатылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2019
Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Әсия Ермұхамбетова: Бізде ғалымдардың еңбек құқықтары ешқандай ескерілмеген
Журналистік жолда күн сайын сан түрлі шаралар мен жиындарға қатысасың. Соның бірінен шыққанда электронды «күнделікке»: «Қазақ ғылымының екінші тынысы ашылып келеді екен. Бүгін көздерінен жалын көрген жас ғалымдар осы ойға бекінтті. Олар өздерін-өздері қалыптастырып жүр», деп жазған ек. Сол сөзге, қоғам ішіндегі «Бізде өзі ғылым бар ма?» деген күмәнді сейілтуге себепкер болған, ғылым түгілі жаңа әрі жалынды ғылыми ортаның негізі қаланғанына көзімізді жеткізген жандардың бірі, Жас ғалымдар альянсының төрайымы Әсия Ермұхамбетовамен сұхбаттасудың сәті түсті.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
Елордада жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті
Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті. Шараға 100-ге жуық балалар мен ата-аналар қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 30 Желтоқсан, 2019
2019 жылы Үкімет Парламент қарауына 32 заң жобасын енгізді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы туралы Үкімет отырысында әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.