Спорт • 24 Желтоқсан, 2019
Биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі аяқталды
Ансиде (Франция) биатлоннан әлем кубогінің үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жарыс нәтижесі бойынша, Қазақстан әйелдер құрама командасы ұлттар лигасындағы үздік жиырмалыққа енді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Парламент • 24 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаева Үкіметке заң жобалау жұмыстарының жоспарын алдын ала келісуді ұсынды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметтен босату туралы» ұсынысы күн тәртібіндегі бірінші мәселе болды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне ұсынылған кандидаттарды талқылау және қорытындылар дайындау тапсырылды. Сенаторлар бұл шешімге қолдау білдірді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 24 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болып, онда Сенаттың 26 желтоқсанда өтетін кезекті отырысының күн тәртібіне 11 мәселе енгізу туралы ұсыныс қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Шығыс Қазақстан облысында «Antikor ortalygy» ашылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтің қатысуымен халықпен жедел кері байланысты қамтамасыз ететін ерекше «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы ашылды.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Түркістан облысында бас шыршаның шамы жағылды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы бас шыршаның шамын жақты. Қала орталығындағы «Гүлдер» саябағында бой көтерген еліміз бойынша ең биік жаңа жылдық шыршаға түркістандықтар мен қала қонақтары жиналды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.