Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
Қ.Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы Елшісі М.Бочарниковты қабылдады
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2017
«ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсеткен
Оңтүстік Қазақстан облысында «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Шымкент қаласы мен өңірдегі барлық 14 ауданда азаматтарға қызмет көрсетіп келеді. Орталық жалпы ашылған сәтінен бастап 136 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсеткен. Бүгін бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
Комитетте Қазақстан-Түркіменстан арасындағы шарттар қаралды
Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
Сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексті екі оқылымда қарап қабылдады.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға түзетулер қаралды
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.