Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Сандықтау ауданында мұз қалашықтары тұрғызылуда
Сандықтау ауданы мектептері де жаңа жылға жақсы дайындық жасап, өз аулаларында мұз қалашықтарын тұрғызуда. Ертегі қалашықтарын есте қаларлықтай етіп әдемі де сәнді етіп жасаған білім ошақтары арнайы сыйлықтармен марапатталады. Солардың арасында Каменка орта мектебінің ұжымы үнемі алдыңғы орыннан көрінуде.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Махамбет Досмұхамбетов атыраулық балаларды жаңа жылмен құттықтады
24 желтоқсанда Атырауда өткен жаңажылдық шыршаға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Астана іргесінде әлеуметтік нысандар құрылысы қолға алынады
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы Елорда маңындағы елдімекендердегі мектеп, ауруханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына тоқталып, қарқынды өсіп келе жатқан ауылдардың алдағы даму жоспарын талдады.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Алматыны ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтуда қандай жетістіктер бар?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамытуға бағытталған кеңесте шаһардың әлеуметтік-экономикалық табыстары ең әуелі қаладағы инфрақұрылымдық қызмет сапасын жақсартудан басталатынын айтып, бұл бағытта бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы ретте күн санап аумағы артып келе жатқан мегаполистің ауызсу мәселесі мен кәріз жүйесінде қандай жетістіктер мен тұралап тұрған тұстар бар?
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Ақмола облысында «Jas Aqmola» жастар жүлдесінің үздіктері анықталды
Жастар жылының қорытындысы аясында дәстүрлі облыстық «Jas Aqmola» жастар жүлдесімен және «AQMOLA POWER» облыстық инновациялық идея мен жобалар конкурсы жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, жастарға сәттілік тіледі.