Медицина • 25 Желтоқсан, 2019
Санавиация қан айналым жүйесінің аурулары бар 500-ден астам пациентті тасымалдады
Бүкіл әлемде жыл сайын жүрек-тамыр ауруларынан бірнеше миллион адам көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша 2016 жылы жүрек-қан тамырлары ауруларынан 17,9 миллион адам қайтыс болды, бұл әлемдегі барлық өлімнің 31% -ын құрады. Бұл өлімдердің 85 %-ы миокард инфаркті мен инсульт салдарынан болды. Жүрек аурулары - әлемдік маңызы бар, атап айтқанда, Қазақстан денсаулық жүйесінің маңызды мәселесі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019
А. Көлгінов Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесті
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кезекті рет кездесу өткізді. Екі сағатқа созылған кезесуде тұрғындар 70-ке жуық сұрақ қойды. «Ашық микрофон» форматында тұрғындар әлеуметтік нысандардың құрылысы, елді-мекендер мен қоғамдық көлікті дамыту, көшелерді абаттандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалау және т. б. өзекті мәселелерді көтерді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019
Аймақ басшысы ақындарға құрмет көрсетті
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов белгілі журналист, ақын Қаршыға Есімсейітова мен екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовты қабылдады.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2019
Сенатта педагог мәртебесі, оқушылар мен мұғалімдердің жүктеме мәселелері қаралды
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2019
Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен аз қамтылған отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған екі жүз бала үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.