Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда антикор орталығының алғашқы жиыны өтті
Маңғыстау облысындағы антикор орталығының алғашқы жиыны «Маңғыстау Медиа» журналистері мен қызметкерлері арасында өтті. Орталықтың қызметімен әріптестерін штаб жетекшісі Айсұлу Дутбаева таныстырды.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2019
Б.Мәкен жемқорлыққа қатысты кездесу өткізді
Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен №70 мектепте бас қаладағы колледж, мектеп және балабақша мекемелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы туралы түсіндіру шарасы өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019
Жамбылдық «Даңқты спортшылар алаңы» ашылды
Бүгін Әулиеата жерінде аталып өтіп жатқан Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешені аумағынан «Даңқты спортшылар алаңы» ашылды. Аталған нысан әр жылдары спорт бәсекесінде ел намысын қорғаған жамбылдық спортшылардың құрметіне орнатылып отыр.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2019
Б. Нұрымбетов «Еңбек» бағдарламасы бойынша айтып берді
Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтудың әртүрлі формаларымен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019
Әулиеатада «Әуендер әлемі» алаңы ашылды
Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай, бүгін Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің маңынан «Әуендер әлемі» атты алаңның ашылу салтанаты өтті. Аталған аймақ осы уақытқа дейін қараусыз жатқан болатын. Бүгінде бұл аумақ қайта жаңғыртылып, 700 шаршы метрден асатын алаңға айналды.