Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025
Қытай мамандары қол мен аяққа арналған сезімтал протездер жасап шығарды
Бұл жаңалық мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, олардың қоғамға белсенді араласуына, еркін қозғалуына және еңбекке қайта оралуына жол ашады. Соңғы жылдары әлемде робототехника қарқынды дамып келеді. Ал жасанды интеллектінің қосылуы протездерді «жай құрылғы» деңгейінен шығарып, адам денесінің табиғи жалғасына айналдыруға жақындатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Иргели ауылындағы Лев Толстой атындағы мектепте мұғалімдерден жаңа жылдық безендіру мен балаларға арналған костюмдерге ақша жиналған. Педагогтардың айтуынша, бұл іске қатысудан бас тартқандарға қысым көрсетіліп, кемсіту болғаны туралы видео тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда тауар айналымына қатысатын барлық өнім Ұлттық тауарлар каталогінде (ҰТК) тіркелуі тиіс. Бұл талап сауда көлемінің, соның ішінде онлайн сауданың күрт өсуіне және елдегі цифрландыру үдерісінің жедел дамуына байланысты қабылданған. Жаңа жүйе мемлекет пен бизнес үшін ортақ, бірізді әрі ашық тауарлық деректер кеңістігін қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д'Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025
Шығармашылық зертхана: Айт-ман не айтқысы келеді?
Көркем шығарманы түсініп оқу – оны жазуға кеткен еңбекпен пара-пар үдеріс. Автор бейнелеп отырған өмір өзінің де санасында жаңғырып, өзі де сол өмірдің бөлшегіне айналуы үшін оқырман да санасына салмақ түсіруі қажет. «Мені қызықтыр», «не айтқың келгеніңді түсіндір» дейтін адамдар Гогольдің сиқыршы кейіпкері Пацюктің тамақ ішкенін еске түсіреді. Ол бұған келгенде мүлде қиналмайтын. Оның алдында бір тәрелке вареник пен қаймақ тұратын. Әлгі варениктер сиқырдың күшімен өзі көтеріліп, қаймаққа күмп етіп алып Пацюктің аузына қарай ағыла беретін. Бірақ оқу процесі Пацюктің түскі асына түк те ұқсамайтын құбылыс. Мұнда ешқандай сиқыр идеяны қара сөздің қаймағына матырып асқазаныңа жөнелтпейді. Шығарманы оқу нәтижелі болуы үшін оқырман өзі еңбек етуі керек, әрі ешқандай ғажайып оны бұл жұмыстан босата алмайды. Мәтіндегі күрделі сөздерді түсінуден бөлек, ондағы мәнді қабылдай алу үшін оқырман да шығармашылық еңбекке араласу қажет.