Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Ұлттық кеңес мүшелері не дейді?
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында айтылған ойлар, ұсыныс-пікірлер халық арасында көптеп қолдау тауып жатыр. Қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен белсенділер ел саясатындағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып, мемлекет дамуының басым бағдарын айқындайтын шешімдерді құп көретінін жеткізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен құрылған Кеңестің мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарған жұмыстарына халықтың берер бағасы жоғары. Осы орайда бүгін біз Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында қозғалған мәселелер жөнінде бірқатар азаматтың ой-пікірлерін ұсынып отырмыз.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Елордада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы қорытындыланып, спорт, мәдениет, қоғам, медицина, ғылым мен білім, бизнес салаларындағы үздіктер анықталды. Мұндағы басты мақсат – тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын ілгерілету болып табылады.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2019
Жаңа Экологиялық кодекс қандай болмақ?
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бірнеше мәселе қаралды. Соның ішінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардағы жағдайға назар аударылды. Ішкі істер министрі 1 аптада елімізде 104 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 39 адам қаза тауып, 158 адам түрлі жарақат алғанын айтты.
Әр күн сайын ForteBank-тің күнтізбесінен Абайдың қара сөзін оқисыз
Әр адамның жұмыс күні күнтізбені бір шолудан басталады. Ал әр күн сайын сол күнтізбеңізге бір көз тастағанда, Абайдың қара сөздерінің бір жолын оқып тұрсаңыз, керемет емес пе? Жаңа жыл қарсаңында ForteBank 2020 жылға арналған өзгеше корпоративтік күнтізбесін ұсынды. Онда әлемнің бірнеше елінің суретшілері қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының құнды мұрасын барынша жаңғыртуға тырысқан. Күнтізбенің әр бетіне әйгілі ақынның қырық бес қарасөзінен үзінділер келтірілген.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Президенттік жастар кадрлық резерві жасақталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізілген Президенттік жастар кадр резервінің қорытындысы жарияланды. Осыған байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл қатысты.