Пікір • 05 Ақпан, 2026
Мемлекеттіліктің тегеурінді тұжырымы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданған Конституция мен оған кейінгі кезеңде енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тарихи маңызы зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Ол өз уақытында мемлекетіміздің дамуына толыққанды қызмет етті. Алайда уақыт бір орында тұрмайды. Қоғам да, әлем де өзгеріп жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасының ұсынылуы заңды.
Басылым • 05 Ақпан, 2026
«Фолиант» баспасынан арасына он жыл салып сурет өнеріне арналған қос том шығарған Жеңіс Кәкенұлын суретші ғана емес, қазіргі уақыт өлшемімен альтруист ретінде де танимыз. Энциклопедия сипатты танымдық қос кітап жазудың сыры неде, ол кәсіби суретшіге не береді? Жеңіс Кәкенұлы қазақ халқының бейнелеу әлемін суретші көзімен бағалауды шынымен мақсат тұтқаны сананы ауысып кеткен құндылықтар жаулап алған дилетанттық дәуір үстемдігіне наразылығынан бұрын биік өнерге асқан сүйіспеншілігінен туғаны айқын. Жас ұрпақтың санасын эстетикалық сұлулыққа тарту, текті мұрат-мүддеге баулу ұлтқа қызмет етудің шынайы үлгісі саналады. Ол суретші мен көрушінің тандемін қалыптастыруға мүдделі.
Егемен Қазақстан • 05 Ақпан, 2026
Ақпараттың дәйектілігі мен жауапкершілігі маңызды
Кеше «Қазақ газеттері» серіктестігінде Конституциялық реформаны талқылауға арналған жиын өтті. Онда жуырда жарияланған Ата заң жобасы тақырып өзегіне айналып, журналистердің ақпаратты жеткізудегі біліктілігі, жауапкершілігі сөз болды.
Сұхбат • 05 Ақпан, 2026
Мәдіғали Қарсыбеков: Ұлттық құрамаға сенімді ізбасар даярлау керек
Ертең Италияның Милан, Кортина-д Ампеццо қалаларында ХХV қысқы Олимпиада додасы басталады. Төрт жылда айналып соғатын ақ аламанда есеміз кетіп, еңсеміз түсетін күйге етіміз үйренісіп кеткендей. Қысқы Олимпия ойындарында Әнұранымыз алғаш рет 1994 жылы шырқалды. Отыз жылдан асты, екінші рет ести алмай келеміз. Әнұранды шырқату былай тұрсын, саңлақтарымыз 2014 жылдан бері қысқы Олимпиаданың медалі қандай болатынын қолмен ұстап, жүрекпен сезінген емес. Топтанып барып, тапталып қайтып жүрміз. Білікті маман, ұзақ жыл шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері қызметін арқалаған Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВПЕН дүбірлі дода қарсаңында сұхбаттасып, әлеуетімізді сараладық.
Руханият • 05 Ақпан, 2026
Жазушының жұрт білмейтін сырлары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова апайды оқушы кезімнен білемін. 80-жылдардың басында «Лениншіл жас» газетінен етектей-етектей мақалаларын сүйсініп оқитынмын.