Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019
Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегерлері анықталды
Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқау қорытындыланды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019
Нұр-Сұлтан қаласындағы Жедел медициналық көмек стансасы 52 жаңа автокөлікпен толықты
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жедел медициналық жәрдем стансасына 52 жаңа автокөліктің кілтін тапсырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті
Кездесу «ашық микрофон» форматында өтті. 60-тан астам адам 250-ден астам сұрақ қойды. Тұрғындар ауданның елді-мекендерін дамыту, газдандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы, қоғамдық тәртіп пен көлік қатынастары, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін оңалту және жағдай жасау мәселелерін көтерді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Елордада полиция қызметіне көмек көрсеткен 500-ге жуық азамат марапатталды
24 желтоқсанда қалалық полиция қызметі басқармасы қоғамдық көмекшілермен 2019 жылдың қорытынды кездесуін өткізді. Шара барысында елордалық ПД басшылығы ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, қылмыстарды ашуға ат салысқан қоғамдық көмекшілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін мадақтама қағаздарымен, бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапаттады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
СҚО-да Үкіметтік емес ұйымдардың жылдық нәтижесі қаралды
Кеше СҚО әкімінің орынбасары Руслан Әлішев облыстағы бірнеше аудандағы ҮЕҰ жұмысының жылдық нәтижесін қарап, алдағы уақытқа белгілеген жоспарларын талқылаған отырыс өткізді.