Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019
Премьер-Министр Жамбыл облысында болды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде қолға алынған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы әуелі Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласына барды.
Президент • 26 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Алматыда Жастар жылы қорытындыланды
Әрбір үшінші тұрғыны жастардан тұратын қаладағы жастардың саны 700 мыңға жуықтайды. Оңтүстік астананың 39 жоғары оқу орны мен 80 колледжінде білім алып жатқан жастардың саны – 233 мың.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Түркістан: «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2019 жылы 1695 жас маман жұмысқа орналасты
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл - Жастар жылы деп жариялады. Осы орайда, биылғы жылы Түркістан облысында жастар жылын қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың арнайы тұжырымдамасы әзірленді. Нәтижесінде облыс көлемінде 251 жоба мен шара зерделеніп, Түркістан облысының 4 идеологиялық бағытына сәйкес 11 жаңа ірі жоба жүзеге асты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Смайыл Мақышов Phillips Exeter Academy мектебін бітіретін тұңғыш қазақ баласы
Қазақстаннан шыққан оқушы-кәсіпкер Смайыл Мақышов биыл Phillips Exeter Academy мектебін бітіреді. Бұл мектеп Niche рейтингісінің басында #1 болып тұрған АҚШ-тағы әйгілі оқу орны. Мәселен, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг те осы мектептің мақтанышы.