Тағайындау • 26 Желтоқсан, 2019
СІМ: Жаңа Жауапты хатшы тағайындалды
Бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа Жауапты хатшы Әркен Өтеновты ұжыммен таныстырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алаңында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша дөңгелек үстел өтті, онда мүгедектердің көтерген мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар талқыланды, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті
Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті жеке қабылдау өткізді. Азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, білім беру саласы, балалар үйірмелерін ұйымдастыру және т.б. мәселелерді көтерді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Көкшетауда өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті
Көкшетауда «Nur Otan» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес «Жоғары технологияларды дамыту» бағытында өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Көкшетауда «Шексіз жұмыс» әлеуметтік жобасы бастау алмақ
Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бүгінгі заманның тың технологияларын пайдалана отырып, жаңа мамандықтарға баулу мақсатында тегін оқыту қолға алынбақ. Әлеуметтік жобаның авторы «IndiGo» оқыту орталығы. Оқыту семинарына жазылу басталып кетті. Семинар 2020 жылдың қаңтарында бастау алады деп жоспарланып отыр.