Саясат • 26 Желтоқсан, 2019
Сенат педагог мәртебесі туралы заңды қабылдады
Сенат отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құжат еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында әзірленгенін және педагогтердің құқықтарын кеңейтуге, оларды өздеріне тән емес қызметтен босатуға, жүктемені азайтуға, мұғалім мамандығына қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталғанын, жұмыс істейтін мұғалімдерді материалдық тұрғыда ынталандыру тетіктерін, сондай-ақ жастарды педагог мамандығына тарту мәселелерін көзделіп отырғанын атап өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Хромтау ауданында 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірде-бір оқиға тіркелмеген
26 желтоқсан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болып, «Aǵtóbe-adaldyǵ alańy jobalyǵ keńsesiнің», «Ашық әкімдіктің» жұмыстарымен танысты.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2019
Жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы анықталды
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар командасының бапкерлер кеңесі әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін толық жасақтады. Ұлттық құрамаға 3 қақпашы, 7 қорғаушы және 13 шабуылшы енген. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
Парламент • 26 Желтоқсан, 2019
Сенатта жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері қаралды
Сенат отырысында заңнамаға қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша түзетулер екі оқылымда қаралып, қабылданды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2019
Алматыда шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі аяқталды
21-25 желтоқсан күндері Алматы маңындағы Солдат шатқалында орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі өтті. Аталған сынға еліміздің он аймағынан спортшылар қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.