Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жаңа басшы тағайындалды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай басқармасының төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды. Бұл Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 30 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда «Ана мен бала» орталығында шала туылған балаларға мерекелік іс-шара өткізілді
Шала туылған балаларға күлкі мен қуаныш сыйлаған күн көптің есінде қалары сөзсіз. Ал жүкті әйелдер, сонымен бірге шала туылған балалардың аналары неонатологтар және гинекологтармен кездесіп, өздерінің алғысын жеткізді. Аяз ата мен ақшақар балаларға тәттілер таратып, өнерлеріне тәнті болды. Кезінде айы-күні жетпей туылып, небір қиындықты артта қалдырған балдырғандар мен ата-аналар шат-шадыман күйге бөленіп, тіпті қуаныштан көзіне жас алғандар болды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Руханият • 30 Желтоқсан, 2019
«Egemen Qazaqstan» жаңа ғасырға қадам басты
«Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымы бас басылымның ғасырлық мерейтойымен есте қалған биылғы жылды қорытындылап, газеттің келесі жүз жылдыққа басқан қадамын атап өтті.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
Нұр-Сұлтанда жаңажылдық демалыста қайда баруға болады?
Елордада осы аптада көрмелер, театрландырылған қойылымдар, балаларға арналған жаңа жылдық ертегілер, хоккей ойындары мен өзге де мәдени-спорттық шаралар өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда «Құтқарушы-2019» байқауы өтті
Жаңа жыл қарсаңында «Оқушы» орталығында кезекті «Құтқарушы -2019» байқауы өткізілді. Іс -шараны Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп – қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы және «Оқушы» орталығы ұйымдастырды және өткізді. Іс-шараға 50 бала қатысты. Оның ішінде 22 бала байқау қатысушылары. Байқау жас құтқарушылармен оқушылар арасында қауіпсіздік негіздер бойынша профилактикалық және насихаттау жұмыстарының қорытындысы шеңберінде өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.