Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2019
«Бастау» жобасы арқылы 2545 адам кәсіпкерлік білімін жетілдірді
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жалпы, елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін өз ісін бастайтын адамдар арнайы курстан өтіп, пайыздық мөлшерлемесі аз несиелер мен қайтарымсыз қаржы алуға мүмкіндік бар.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2019
Алматыда 95 жолаушы мінген ұшақ құлап, 7 адам қаза тапты
Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2019
Атырауда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы ашылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығын ашты, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2019
Қостанайда Аntikor сервистік орталығы ашылды
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Аntikor сервистік орталығының ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат жетекшісі Қуаныш Жапақов және мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер қатысты.
Теннис • 27 Желтоқсан, 2019
Қарағандылық жас теннисші халықаралық турнирде топ жарды
Қытайдың Нинбо қаласында «Hopes Week» әлемдік турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған Румыния, Беларусь, АҚШ, Сингапур, Израиль, Үндістан, Малайзия, Греция, Иран, Франция, Испания, Мальдива және Қазақстаннан келген үстел теннисінің шеберлері қатысты.