Өшпес даңқ • 30 Желтоқсан, 2025
Ерлік маршруты: Львов – Берлин – Прага – Альтенбург
Қазақстанның қиыр шығыстағы шекарасындағы қазақ ауылындағы орта мектепте тарих пәнінен сабақ берген сұңғақ бойлы ұстазымыздың жасы он сегізге толмай тұрып майданға кеткенін, ерлік жасап, орден-медальдар алғанын, соғыстан соң Германиядағы кеңес әскери әкімшілігі қарауында қызметте болып, елге 1949 жылы ғана қайтқанын кейін білдік.
Туризм • 30 Желтоқсан, 2025
Ұлттық жоспар ауқымды болуға тиіс
Катонқарағай кейінгі жылдары шетелдіктерге кеңінен таныла бастады. Мәселен, 2023 жылы аудан «Top 100 Green Destinations» тізіміне енді. Биыл «Euronews» арнасы арнайы сюжет әзірлеп, көрсетті. Катонқарағайға блогерлер жиі ат басын бұрып, контент түсіріп те жүр. Әлем назары Алтайға бет бұрғандай...
Өшпес даңқ • 30 Желтоқсан, 2025
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, тіпті осы соғыстың батыс пен шығыстағы екі үлкен майданының тікелей куәгері Қалихан Тынжанов Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Нақтырақ айтқанда, осы өлкедегі Ақтүбек елді мекенінде 1919 жылдың көктемінде кіндік қаны тамыпты. Әкесі шағын шаруаның иесі, ал анасы үй ішінің берекесін кіргізген мейірімді жан екен. Бірақ ол ата-анасынан ерте айырылып, балалық шағын Ақмоладағы жетімдер үйінде өткізді.
Туризм • 30 Желтоқсан, 2025
Туризм – ел экономикасының дамуына ерекше үлес қосып, мемлекет мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызатын, сондай-ақ адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттыратын, көкжиегі кең сала. Бұл сала елдің ішкі-сыртқы нарығында экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналып, инфрақұрылымның дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ұлттық бай салт-дәстүрлерді, тарихи, мәдени мұраларды жан-жақты насихаттауға ықпал етеді.
Жәдігер • 30 Желтоқсан, 2025
Досжан ишан мешіт-медресесінен табылған өрнектер
ХІХ ғасырдағы діни-сәулеттік ескерткіштердің бірі – Досжан ишан мешіті Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінің оңтүстік-батысында орналасқан. 1880–1890 жылдары қам кірпіштен (саманнан) салынып, одан беріректе қараусыз қалып, жауын-шашын мен желдің әсерінен желкенді күмбездері, жоғарғы қабырғалары қирап, үйінді топырақтың астында қалған қасиетті орынды қарттар күні бүгінге дейін «Ишан төбе», «Досжан ишан қыстауы» деп қастерлеп келді.