Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Оралда 180 пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысында 20 елді мекенге таза ауыз су жетіп, Орал қаласында 180 пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында жаңадан Мәдениет сарайы салынды.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Шығыс Қазақстанда жаңа нысандар ашылды
Тұңғыш Президент күні мерекесін шығысқазақстандықтар кең ауқымда атап өтті. Бірнеше жаңа нысан ашылып, бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. 30 қарашада облыс орталығы – Өскеменнің іргесіндегі Арматура зауыты шағын ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 140 орындық «Дария» атты балабақша ашылды.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2017
Қайрат Оралов: Атажұрт – қастерлі ұғым
Ресейдің көршілес жатқан Макушин ауданында іссапармен болғанымызда ел, жұртын ұлықтап жүрген бір азаматпен танысқан едік. Абырой-беделі бір басына жетерлік оған жерлестері үлкен сенім білдіріп, Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы етіп сайлапты.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Ақтөбе облысының экономикасын дамытуға 313 млрд теңге бөлінген
Бүгінгі күні республиканың қай өңірінде де инвестициялық тартымдылықты тереңдетудің рөлі, мәні мен мазмұны жоғары. Бұл тұрғыда индустриялық аймақтардың тигізетін ықпалы мол. Бұған дейінгі жасалған талдаулар мен зерттеулер индустриялық аймақтар құрылған облыстарда заманауи құрылым әлі қалыптасып үлгермеген өңірлермен салыстырғанда тартылған инвестиция мөлшері әлдеқайда артық екенін көрсетеді.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017
Қазығұртта мал бордақылау кешені салынып жатыр
Қазығұрт ауданында «Сапа-2002» серіктестігі құны 275 млн теңге болатын мал бордақылау кешенін салуда. Қазір 170 миллион теңге игеріліп, 6,5 мың қой сыятын алаңның құрылысы аяқталған. Мұнда салмағы 90-95 кило тартатын қазақтың асыл тұқымды қылшық жүнді құйрықты және меринос қойлары бағылады.