Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019
Маңғыстаулық еріктілер әлеуметтік көмектер көрсетуде
Ақтаулық ерікті жастар бастаған игі жобалар көптің кәдесіне жарады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Әсіресе биылғы жастар жылында жүзеге асырған «Көмекші ұстаз», «Көмекші дәрігер» мен «Қыз жолы» атты бастамалары халықтың алғысына бөленді. Волонтерлер жалғызбасты зейнеткерлердің үйінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, көп балалы отбасыдан шыққан оқушылардың сабақ үлгерімін арттыруға қол ұшын созып жүр. Қажетінше қариялардың үйін жинап, апта сайын азық-түлікпен де қамтып келеді.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019
Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментімен ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Б.Жұмашев, мемлекеттік орган басшылары, үкіметтік емес ұйым, қоғам белсенділері, «Nur Оtan» партиясының, Арнайы мониторингтік тобының, «Маңғыстау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, ЖОО және колледж студенттері мен оқытушылық құрамы қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2019
Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды
Алматыда медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Хабижанұлының 80 жылдық мерейтойы тойланды. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019
Қазақстанның өсу жолын баяндайтын «Қазақтелефильм» жасаған «Менің Қазақстаным» атты 10 сериялы филмі кезінде Санкт-Петербургте өткен телефильмдердің фестивалінде ІІІ байқауында диплом алғаны фильм жасаушылардың мәртебесін көтерді.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019
Бұл шара – біздің Тәуелсіздік күніне тартуымыз
Бұл күндері көптеген қазақстандық жанкүйер 16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында өтетін кәсіпқой бокс кешін тағатсыздана күтуде. Себебі, осы жарыста екі бірдей алтын белбеу сарапқа салынады. АҚШ-тың әйгілі ESPN телеарнасы арқылы бұл бәсекелер төрткүл дүниенің 60-тан аса мемлекетінде тікелей эфирден көрсетіледі. Жарыс қарсаңында біз айтулы спорттық шараны ұйымдастырушысы - «MTK Global Kazakhstan» компаниясының басшысы Асқар Салықбаевпен сұхбаттасқан едік.