Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Жайдарманның мерейтойлық өнер кеші өтті
Елордада Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының қолдауымен республикалық Jaidarman фестивалі өтті. Елбасы жариялаған Жастар жылының, Nur Otan партиясы мен қазақ КВН-нің 20 жылдығына орайластырылған кешке барлығы 10 команда қатысты. Олардың арасында мектеп, колледж командалары, республикалық жоғары лига жеңімпаздары мен ардагер ойыншылардан бөлек, Моңғолия құрамасы да бар.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Партия қандастарға қолдау көрсетеді
Nur Otan партиясы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» қоры өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Үшжақты меморандумға қол қоюдағы басты мақсат – дүниежүзіндегі қазақтарды тарихи отаны төңірегіне ұйыстыру ісіне қолдау көрсету, атажұрттан тыс жерде, басқа елде туып өсіп, елге оралған қандастарымызға көмек қолын созу.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Еліміздің ертеңі – бірлігімен еңселі
Елордада Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Ассамблея және этномәдени бірлестіктердің мүшелері, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық және мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Нұр-Cұлтан қаласында «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.