Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Елімізде бес жыл бұрын 2016-2020 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бүгінде осы межелі кезең де мәреге таяп келеді. Аталған уақыт аралығында не істеліп, не тындырылды деген заңды сауал туындайды.
Экономика • 13 Желтоқсан, 2019
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» халықаралық консорциумы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа өндірістік объектіні – 5-ші ішкі кәсіптік құбырын іске қосты. Осылайша Қарашығанақ кен орнындағы өндіру текшесін ұзарту жобаларының бүтін кешенін іске асырудың тағы бір кезеңі аяқталды. Сұйық көмірсутекті өндіру деңгейін ұлғайту жұмысы бір күн де тоқтаған емес.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Ғылыми-техникалық кеңестің алғашқы отырысы
Қазақстанда алғаш рет IGTIC бастамасы бойынша жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды бағалау және сараптау жөніндегі Ғылыми-техникалық кеңесі құрылады.
Экономика • 13 Желтоқсан, 2019
«Екібастұз МАЭС-2» АҚ бастан-аяқ «Самұрық-Қазынаға» өтті
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ресейлік «Интер РАО» энергетикалық компаниясынан «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ның 50% акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Осылайша, маңызды электрэнергия активі Қазақстан Республикасының бақылауына толығымен өтті.
Экономика • 13 Желтоқсан, 2019
Сырдария өзенінде орналасқан су электр стансасын толық жаңғыртуға байланысты Түркістан облысындағы Шардара су электр стансасында жаңа агрегаттар іске қосылады. Мұнда соңғы жылдары ескіден келе жатқан техникалардың орнына түгелдей жаңа, шетелдік озық технологиялар пайдаланылып, өнім қуаттылығы еселене түсті.