Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Ыбырайдың ізбасарларын ынталандырған жыл
Жастар жылы ұстаздар қауымы үшін, әсіресе жас мұғалімдер үшін өте табысты, қуанышты жыл болды деп айтуға болады. Биылғы оқу жылында ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды, дәстүрге айналған Тамыз конференциясына алғаш рет Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Әне-міне дегенше, жыл басында жарияланған Жастар жылы да аяқталуға жақын. Аталған бастама аясында биыл жас ғалымдардың жобаларына мемлекеттен тағы 3 млрд теңге бөлінген. Жұмыстарын өткізгендер «тақым қысып жүр». Жыл ортасында «Қазақ ғылымы қашан жасарады?» деген мақала жазғанбыз. Сондағы түйін – жас ғалымдарды қолдау. Әлбетте қолдау қажет, бұл қадам тиісті ведомстволар тарапынан да жасалды. Десе де қолдау кімге керек? Демеу, көмек, қамқорлық – қай-қайсысы болсын өз иесін тапқанда ғана жемісін береді. Ал бізде мұның бәрі дәл егесін тауып жатыр ма? Мәселе – сонда.
Футбол • 13 Желтоқсан, 2019
Плей-офф кезеңіне шыққандар белгілі
Өткен сейсенбі және сәрсенбі күндері футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталып, жарыстың 1/8 кезеңіне жолдама алған командалар анықталды.
Хоккей • 13 Желтоқсан, 2019
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) арнайы комиссиясы 13-ші аптаны қорытындылап, өткен жеті күнде үздік ойынымен көзге түскен ойыншылардың есімін атады. Олардың қатарында «Барыс» ойыншысы да бар.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Алтын тобылғы» иегерлері анықталды
«Алтын тобылғы» байқауы биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Тұңғыш Президент – Елбасының Қоры ұйымдастыратын бұл байқауда негізінен 18 бен 35 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар бақ сынайды.