Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Атырау облысында «496 разъезд» стансасының 150 тұрғыны жаңа баспанаға ие болды
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16 отбасы Жұлдыз ықшам ауданындағы жайлы тұрғын үйлерге көшірілді деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қаржы • 13 Желтоқсан, 2019
Банк секторы активтерінің сапасын бағалау (Asset Quality Review) аяқталуға жақын
Бүгін Алматыда Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев қазірдің өзінде қандай жұмыстар атқарылғандығы туралы журналистермен кездескен кезінде айтты.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Түркістанда тұрғын үйлерге табиғи газ берілді
Түркістан қаласында 20 000 абонентті жыл соңына дейін табиғи газбен қамту жоспарлануда. Осылайша облыс орталығындағы тұрғын үйлер 56% «көгілдір отынмен» қамтылады. Жалпы биыл Түркістан облысында 35 елді мекенге газ қосылды. Жыл соңына дейін тағы 50-ге жуық ауылға табиғи газ тартылады.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында 89 мың кәсіпкер салық рақымшылығын алды
Биыл еліміздің кәсіпкерлері үшін салық рақымшылығы жарияланған болатын. Ол бойынша төленбеген берешек сомаға есептелген үстеме проценттер алынып тасталып, негізгі қарызды ғана төлеуге мүмкіндік берілген еді. Қазір мемлекет тарапынан жасалған жеңілдікті пайдаланып, салық қарызын өтеуге ұмтылған кәсіпкерлер қатары көбейіп отыр.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Қазақ этнографиялық мектебі тақырыбында І халықаралық конференциясы өтті
«Қазақ этнография мектебі», «Алғашқылар» топтамасы. 1-ші конференция: Марат Мұқанов» тақырыбында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында БҒМ Ғылым комитетінің қолдауымен өткен халықаралық конференция қазақтың көрнекті ғалым-этнографы, тарих ғылымдарының докторы М.С. Мұқановтың 90 жылға толуына арналды. Ғылыми конференцияны Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдинов ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.