Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Бұрнағы күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві Тәуелсіздік күніне орай жастармен дөңгелек үстел өткізді. Онда еліміздің жиырма сегіз жылдағы табыстарымен қатар ұлттық сананы жетілдіру жолындағы тарихтың, оны айғақтайтын архив құжаттарының маңыздылығы жөнінде әңгіме болды.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды
Тарихи өткен ғасырдың 1921 жылынан басталатын Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік Архиві республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Тәуелсіздік күні мен «Архив-2025» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүгін Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды. Айтулы шараға республиканың мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұлы дала түркі халықтарының ортақ мекені» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басым бағыттарды іске асыру мақсатында Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған алқалы жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің жетекшілері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Шымкентте Т.Рысқұловтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. «Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары» тақырыбында өткен конференцияда Тұрар Рысқұловтың өмірі мен саяси қызметі, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалыптастыру және дамыту жөніндегі ұлы тұлғаның атқарған рөлі мен орны кеңінен дәріптелді.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі» байқауы өз мәресіне жетті
Үш айға созылған білім бәйгесіне Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарынан 67 ұстаз қатысып, өз бақтарын сынады. Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.