Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
Достық үйі жаңа ғимаратқа көшті
Катонқарағай аудандық Достық үйі Тұңғыш Президент күні мерекесінде жаңа ғимаратқа көшіп, қоныс тойын тойлады.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық және гуманитарлық бөлімшесінің жуырда өткен жалпы жиналысында «Қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы» мәселе талқыланды. Жиналысты ашып және жүргізіп отырған бөлімше төрағасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, професор Такир Балықбаев күн тәртібіне қойылып отырған мәселенің өзектілігіне тоқталды.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
Бос жатқан жер телімі қайтарылды
Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында жыл басынан бері аудандық жер қатынастары бөлімі прокуратурамен бірлесіп «Қолжетімді жер» жобасын қолға алды. Нәтижесінде мақсатты қолданылмаған жалпы аумағы 123 159 гектар 331 жер телімі анықталған. Күні бүгін жалпы аумағы 8092 гектар 34 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2017
Түрксой – алыстағы ағайынның дәнекері
Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған Түркістан қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы Тұрақты кеңесінің 35-ші отырысы өтті. Тұрақты кеңес отырысына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтанбек Жұмағұлов және ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрліктерінің өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен түркі кеңесі, түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясы, Халықаралық түркі академиясы, түркі мәдени Мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2017
Жоралы жұртымыздың тілеуіне орай ұлтының жоғын іздеп, барының берекесін кіргізетін, қандай заман туса да ұлттық алтын тамырдан қол үзбеген азаматтар ұдайы сарабдал тарих сахнасынан бой көрсетіп отырған. Құдайға шүкір, ұлттық болмыстан айырыла жаздап, өткенді ұмытып, «жаңашыл» боламыз деген тұста да туған тіл мен бойға сіңген ділді, ата өнерін тура солай жанкешті еңбекпен қорғап, бүгінге жеткізген ардақты ұлдар бар.