Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2017
Көрші елдермен шекара шегендеудің маңызы зор
Аталған заң жобасын әзірлеу ісі 2001 жылдың 5 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа сәйкес жүргізілген. Ал бұл шарт 2003 жылғы 2 шілдедегі заңмен ратификацияланып, 2006 жылғы 31 тамызда күшіне енген. Сонымен қатар екі ел арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімге 2017 жылғы 18 сәуірде Түрікменстан басшысының Қазақстанға ресми сапары аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов қол қойған болатын.
Медицина • 07 Желтоқсан, 2017
Денсаулық сақтау саласына инвестиция керек
Адам баласының қалыпты өмір сүруі үшін бәрі маңызды. Пенделік мұрат ештеңені керек емес деп ысырып тастай алмай барлық игілікке ұмтылдырып, білімге де, дүние-мүлікке де, есепсіз мол байлыққа да тоймай, қысқасы, барлық жақсылық өзіме тән болса деген ниеттегі емінуден бір айнымайды. Бірақ соның барлығы деннің саулығында ғана. Ал басы ауырып, балтыры сыздаса сол ұмтылғанының барлығы жиылып бір денсаулыққа жетпей қалады. Сондықтан басты байлық атанған осы қазынаға қатысы бар салаға жүргізілетін реформалардың бәріне ел құлағы үнемі түрулі. Нарықтық қатынастар денсаулық сақтау саласына өз өзгерісін алып келді. Мемлекет тарапынан оның дамуына көңіл бөлініп, осы заман тынысына жауап беретін іргелі клиникалар салынды. Озық технологиялар көмекке келіп, диагностикадан бастап, сапалы ем жүргізетін ауруханалар мен емханалар көбейді. Әйтсе де салада шешілмеген түйіндер баршылық. Халық дәрігерге қаралуға барса, сала құлаш кезектерден қажиды. Диагноздарын дұрыс қоя алмайтын білігі аз дәрігерге кез болады, стационарға жату үшін порталдағы кезегім қашан келеді деп сарғаяды, хош, дәрігерге кіріп, қаралып, жазып берген дәрісін алайын десе дәріханалардағы бағалары удай дәріге ақшалары жетпейді. Не керек, сарсылтатын жайлар көп. Тығырықтан шығудың жолдары қайсы?
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
Ақсу қаласына қарайтын Қалқаман, Ақжол ауылдарында 4 мыңға жауық халық тұрады. Бұл ауылдық округте қоңсы қонған елге оралған қандастар мен түрлі ұлт өкілдері тату тіршіліктерімен үлгі болып отыр. Екі жыл бұрын елді мекенде жаңа мектеп салынды. Қазір мектепте 526 оқушы білім алады. Сондай-ақ мәдениет үйі жөнделіп, көшелерге асфальт төселді.
Технология • 07 Желтоқсан, 2017
Әлеуметтік қызметтер қолжетімді бола түсті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үшінші жаңғыртуға бастаған Жолдауында цифрландырудың барлық салаға серпін беретінін айтты. Елбасы пәрменімен елімізде цифрландыру ісі қысқа мерзімде нәтиже бере бастады. Мәселен, әлеуметтік саланың цифрландырылуы көптеген қызметтің халыққа қолжетімділігін арттыра түсті. Айталық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосты. Мұнда жұмыспен қамту, еңбек қатынасы, зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру мен көші-қон салаларының қызметін оңай ала аласыз. Бұл – дүниеге келген күннен бастап автоматтандырылған қызмет көрсететін жүйе. Яғни азаматтардың дүниеге келу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қызмет көрсету, зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым іспетті төлемдерді жүзеге асыру және басқа да дербес есебі жүргізіледі.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
Жұртшылық тарапынан жолдарды, көшелерді, жерасты құбырларын қалпына келтіру жұмыстарына сын көп айтылады. Оның бір ұшығы тапсырылған жауапты учаскеге салғырт қараудан және іс сапасыздығынан туындап жататыны жасырын емес.