Ауыр атлетика • 07 Желтоқсан, 2017
Жақында Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында гір спортынан әлем чемпионаты болып өтті. Әлемнің 34 елінен 500 спортшысы қатысқан жарыста Көкшетау қаласының тұрғыны Борис Нұғманов абсолюттік чемпион атанды.
Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2017
Өзіне өлеңімен ескерткіш соққан ақын
«Байтақ мекенім» қоғамдық қорының бастамасымен Ресей астанасы Мәскеуде ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына орай «Бір тойым бар...» атты әдеби-сазды кеш өтті. Маңғыстаулық бір топ азамат бастаған шараның Ресейдің бас қаласында өтуіне қол ұшын созған Мәскеудегi Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердiң дамуын қолдаудың «Астана» қоры және Алматы қаласының әкімдігі.
Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2017
Сұлтан ОРАЗАЛЫ. Тұрпаты бөлек, таланты ерек Әнес
Мен оқуға келіп түскенде Рымғали Нұрғалиев екінші курста білім алатын. Ол көпті көрген көнекөздей қалада қалай жүріп-тұруды үйретіп, тіпті, қандай киім киюге дейін ақыл-кеңесін қосқаны бар. Бұл қамқорлықты қалай ұмытарсың. Ал Дүкенбай Досжанов екеуміз тұратын пәтерге жиі келетін Әбіш Кекілбаев пен Мұхтар Мағауин Валя апамыз әзірлеп беретін көжемізге ортақтасып отырса да, екеумізді баласынып, мардымси сөйлейтін. «Ағаларымыздың» осы мінезі жұғысты болды ма, кім білсін, төменгі курста оқитын жігіттерге біз де шекелеп қараған кездер болған. Сөйтсек, сол «балалардың» ішінде «пәлелері» көп екен. Төлен Әбдіков, Дулат Исабеков, Ақселеу Сейдімбековтер «жастай қағынып», жазған-сызғандарымен көзге ерте түсті. Ал Әнес Сарай болса, сөз өнерінің аламан жарысында ештеңеге асықпай, баппен, тың, күрделі тақырыптарды Арктиканың мұзжарғыш кемесіндей күтірлетіп біртіндеп игеріп, игеріп қана қоймай, өзінің сара жолын салды.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2017
Қазақстан-Ресей: Әріптестік әлеуеті артып келеді
Биыл Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Екі ел тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағынан тығыз байланыста екені белгілі. Қазіргі таңда солтүстіктегі көршімізбен ынтымақтастығымыз нығая түскен. Мұны өз кезегінде Ресей тұрғындары да жоғары бағалап отыр.
Медицина • 07 Желтоқсан, 2017
Агроөнеркәсіпті жаңғыртудың инновациялық жолы
Елбасы биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешені экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиістігін айтқаны мәлім. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасында агротехнологиялық хаб формасында зерттеу университетін құру туралы атап өтілген еді. Аталған оқу орны кезекті Орталық Азия агротехнологиялық саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Жиын қарсаңында университет ректоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Тілектес ЕСПОЛОВПЕН осы және басқа да мәселелер бойынша әңгімелескен едік.