Спорт • 07 Желтоқсан, 2017
Спорт комментаторларының таусылмайтын "тамашасы" хақында
Бұл «тамаша» жүйкеңе тиеді. Ана бір жылы тіпті болмаған соң біздің футбол комментаторларының «тамашалатқан» әләуләйінің ізімен «Тамаша» атты сықақ өлең жазып, ол «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген еді. Содан бері де біздің футбол біріншіліктері мен ел құрамасы ойындарындағы бұл пафос тоқтамай келеді. Яғни біздің комментаторлар тоқтатпай келеді.
Ұлттық спорт • 07 Желтоқсан, 2017
Таяуда Сәтбаев қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні аясында тоғызқұмалақ ойынынан өткізілген Халықаралық турнир жалауын түсірді. Бес күнге созылған бәсекелі сынға Ресей Федерациясы, Түркия, Ауғанстан, Моңғолия, Түрікменстан және Қырғызстан мемлекеттерін қоса алғанда бас-аяғы 20 команда қатысып, бақ сынады. Жарыстың жабылу салтанатында қатысушылар мен жанкүйер қауымды қоғам қайраткері Әлихан Байменов, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов құттықтады.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
«Ізбасар» көрмесі бабалардан қалған ізді айғақтайды
Көшпелі бабалардың айтулы өркениетінен хабар беретін «Есік» мемлекеттік қорық мұражайы күллі әлемді өзіне қаратқан атақты «Алтын адамымен» танымал. Мұражай қызметкерлері көрме, шаралар ұйымдастырып жатса, Есік аумағынан табылған сақ заманының ескерткіштерімен, ең бастысы, ұлттың брендіне айналған «Алтын адаммен» танысып қайтарыңа бек сенімді болып барасың. Шынында да солай. Алты жыл бұрын ғылыми нысан ретінде тіркеліп, 2011 жылдан бастап мемлекеттік лицензия негізінде археологиялық жұмыстар жүргізіп келе жатқан «Есік» қорық-музейі ашылғалы бері алуан тақырыптағы көрмелер өткізуді дәстүрге айналдырған.
Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2017
Астана қаласында «Алтын ұрпақтың рухы» атты көркемсөз оқитындардың республикалық байқауы өткен болатын. Міне, осы айтулы поэзия мерекесінде Щучинск қаласындағы педагогикалық колледж студенті Жансая Бекболатова бірінші орынды иемденді.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
«Дала данышпаны» оқырманға жол тартты
Биыл заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай жазушы мерейтойы аясында ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлына Абай ауданы орталығынан еңселі ескерткіш ашылғаны баршаға мәлім. Ескерткіш – «Туған жер» бағдарламасы негізінде қолға алынған шараның бірі.