Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019
Университетте жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Ш.Есенов атындағы КМТИУ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаменті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, университеттің «Бизнес және құқық» факультеті, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Г.Қ.Ізтұрғанованың ұйымдастыруымен «Заңгер» мамандығы бойынша 2-курс білім алушыларына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Ақтауда тұрғын үй пайдалануға берілді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақтау қаласындағы 20 шағын ауданда көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы коммуникациялар қызметі хабарлады. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов қатысып, баспанасыз жүрген бір топ азаматқа жаңа пәтер кілттерін табыстады. Аймақ басшысы еліміздегі ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күні аясында үйлі болып жатқан жандарды жаңа қонысымен құттықтады.
100 • 14 Желтоқсан, 2019
1923 жылғы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №85 санында «Қазақстан баспасөздері» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
«Алматы-2050» даму стратегиясы ресми түрде қабылданды
«Еліміз үшін басты мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында «Алматы - 2050» даму стратегиясы ресми түрде қабылданды. Маңызды тарихи құжатты қалалық мәслихат депутаттары мақұлдады деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Алматылықтарға мемлекеттік марапат тапсырылды
«Алматы әкімі Б. Сағынтаев Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президентінің атынан еліміз бен қаланың дамуына үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапат тапсырды» деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.