Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
ОҚО-да мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғайтын пилоттық жоба қолға алынды
Еліміздің Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
Ақтөбеден аспан әлеміне бастаған жолға 50 жыл
Қиялға қанат бітіретін ғаламаттың бірі өзінің құпиясын әрі барлық қыры мен сырын ішіне бүгіп жататын шеті мен шегі жоқ аспан әлемі десек, қателесе қоймаспыз. Түнгі жұлдызды аспан, көк жүзіне қонақтаған әсем ай, құс жолындай сағымданған жеті қарақшы, таң ата туатын шолпан жұлдыз кімдердің арманын алысқа самғатпады дерсіз. Жеті қабат көктің сырын білуге бала көңілдің бәрі де құштар болғаны айдан анық. Ақтөбеде бұдан тұп-тура 50 жыл бұрын ашылған планетарий осы армандар мен қиялдарды одан әрі ұштауға, жас өспірімдерге жұлдызды әлемнің астарлы сырын ұғындыруға қызмет жасап келеді.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
Елбасы Жамбылдағы екі кәсіпорынның жұмысын бастауға пәрмен берді
Күні кеше ғана Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: Қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі өтіп, онда Елбасына еліміздің әр өңіріндегі Индустрияландыру картасының жобалары таныстырылған болатын. Сондай-ақ, еліміздегі жаңа озық технологиялы бірқатар өңдеуші өндірістік нысан іске қосылды.
Театр • 07 Желтоқсан, 2017
Рүстем Есдәулеттің құрметіне ескерткіш мүйіс ашылды
Өскемендегі облыстық драма театрда осы мәдениет ордасын биік белеске көтерген талантты режиссер, ақын, актер Рүстем Есдәулетті еске алу кеші өтіп, шара барысында өнер иесіне арналған ескерткіш мүйіс ашылды.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017
Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылды
Индустрияландыру күні Орал қаласында жылына 7000 тонна құс етін өндіретін жаңа құс фабрикасы ашылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Елді жаңа индустриаландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты телекөпірде өңір басшысы Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысында индустриаландыру картасы бойынша жалпы құны 8 млрд теңгеге бағаланған 10 жоба іске қосылғанын айтты.