Digital • 11 Мамыр, 2026
Оралдық оқушылар қант диабетінің мөлшерін тексеретін құрылғы ойлап тапты
Қант диабеті – бүгінде әлемде ең көп таралған созылмалы аурулардың бірі. Бұрын бұл дерт көбіне жасы үлкен адамдарда кездессе, қазір балалар мен жасөспірімдер арасында да жиілеп барады. Ауруды бақылағысы келген жандар күн сайын қандағы қант мөлшерін тексеріп отыруы керек. Көп жағдайда бұл саусақты инемен шаншып, қан алу арқылы жасалады. Бірақ мұндай тәсіл ауырсыну тудырады әрі оны жиі қолдану да денсаулыққа зиян. Соның салдарынан кей науқастар қант деңгейін уақтылы тексере алмайды. Осы мәселені шешу мақсатында оралдық оқушылар «SuGuard» деп аталатын жаңа жүйе әзірлеген. Стартап жақында Астанада өткен «alem.ai battle» байқауында AI Young Talents (мектеп оқушылары) санатында жеңімпаз атанды.
Президент • 11 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 11 Мамыр, 2026
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтетін WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында өзіне қолайлы қарсылас – чехиялық Каролина Плишковаға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Мамыр, 2026
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Норвегияда бірінші сынып оқушысы Хенрик Рефснес Мёртведт мектеп экскурсиясы кезінде жерден шыққан ерте викинг дәуіріне жататын бірқабатты қылышты кездейсоқ тауып алды. Археологтар тапқан заттың шамамен 1300 жылдық екенін айтып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Мамыр, 2026
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
8-10 мамырда Астана қаласында төртінші рет ұйымдастырылған Qazaqstan Barysy Grand Slam додасы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 14 салмақ бойынша 53 спортшы қатысқан жарыста 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.