Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі спорт кешені пайдалануға берілді
Жаңақорған ауданының Қожакент және Сунақата ауылдық округтерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынған спорт кешендері ашылды.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жаңа аурухана ашылды
Тәуелсіздік мерекесіне орай Сыр өңірінде бірнеше нысан пайдалануға берілді. Шиелі ауданында жаңа аурухананың ашылу салтанатына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қатысты.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019
Алматы жастары «Ұлы дала өнері» атты жиырмадан аса көрме өткізді
Алматы қаласында қала жастары атсалысқан «Ұлы дала өнері» атты көрмелер легі өтті. Көрмеге мектеп оқушылары мен колледж студентерінің ұлттық құндылықтарымызды бейнелейтін 400-ге жуық еңбегі қойылды.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019
Алматыда Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне шахмат турнирі өтті
Алматы шаһарында еліміздің ең үлкен мерекесін ұлықтайтын шаралар легі жағасын табуда. Мегаполистегі №4 қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай жастар арасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған шахмат турнирі өтті.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2019
Әжетхана күзеткен мұғалімнің беделі қалай артады?
Өткен айдың соңында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жан-жақты талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды. Талқылауда депутаттар мұғалімнің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғайтын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Заң қабылданып, оның қаншалықты нәтиже берерін уақыт көрсетер. Ал әзірге күштік құрылымдар мен жергілікті басқару органдары мұғалімді «қолбала» ретінде санап, оқушылар алдында беделін түсіруін тыймай келеді. Мұғалім ұлттың ұрпағына тәлім берер ұлық тұлға. Алайда оның әжетхана күзетуге жегілуі бүгінгі мәртебесі мен қадірінің қандай деңгейде екенін аңғартады, өкінішке қарай...