Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2019
Алматыда белгілі геолог Дубек Дүйсенбеков тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Ұлы геолог, іздестіруші, Қазақстан геология ғылымының ардагері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ақбақай» және басқа да үлгідегі алтын кен орындарын ашқан Дубек Дүйсенбековтің есімін мәңгі есте қалдыру үшін ол тұрған үйге мемориалды ескерткіш тақта орнатылды.
Руханият • 15 Желтоқсан, 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы ақынды халқына жақындастыра түсудің, мұраларының тынысын ашып, игілікке жаратудың тағы бір ірі қадамы жасалды.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019
Бақытжан Сағынтаев: «Жастар неге Алматыда тұрғанды жақсы көреді?!»
Алматы – әлмисақтан армандар қаласы, жастар шаһары екендігі әркімге де аян. Өйткені мегаполисте өмірлік мақсаттарға жол ашатын білім ордалары мен мәдени ошақтар да жеткілікті екендігі түсінікті.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2019
Сол бір қилы кезеңде қазақ қоғамын ғана емес, бүкіл Кеңес Одағын дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісі жайында сөз қозғалса, ең әуелі сол көтерілістің құрбандары болған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Кенжегүл Молданазарова және Мырзақұл Әбдіқұлов сынды ержүрек жастарды ерекше құрметпен еске аламыз. Алайда елі үшін, алашының азаттығы жолында жанын құрбан еткен сол қаһармандарға лайықты құрмет көрсетілді ме? «Жиенқұлға келгенде шықпайды үнім» дегендей, бұл сауалға келгенде күмілжитініміз рас. Біздің айтайын дегеніміз, ерлігі ескерусіз қалып келе жатқан Желтоқсан құрбаны, Өскемендегі педагогикалық училищенің 2 курсында оқып жүріп, небары 16 жасында қыршынынан қиылған қазақтың батыр қызы Сәбира Мұхамеджанова жайында.
Басылым басшылары • 15 Желтоқсан, 2019
Басылым басшылары - Бернияз КҮЛЕЕВ (04.1920-10.1920)
Б.Күлеев қазiргi Орынбор облысының Бөрте ауданында өмiрге келген. 1917-1918 жылдары Орынбор мұғалiмдер семинариясында оқыған.