Президент • 16 Желтоқсан, 2019
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күніне орай алпыстан астам ақтөбелік мемлекеттік наградаға ие болды
Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне орай "Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстаным!» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік басқосуға ардагерлер,қоғамдық ұйым өкілдері, үкіметтік емес ұйым, мемлекеттік органдардан жалпы 1500-ден астам адам қатысты.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2019
Билл Гейтс: Үкімет мен сияқты ауқатты адамдарға салықты өсіруі керек
Әлемдегі екінші бай адам Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында өмірінде 10 миллиард доллар салық төлегенін айтқан. Сондай-ақ ол «бірақ одан да көп төлеуім керек» деген. Бұл туралы lifter.com хабарлады.
Ұлттық спорт • 15 Желтоқсан, 2019
Қазақ күресі жаңа кезеңге аяқ басты
Қазақ күресінің халықаралық деңгейдегі мәртебесін көтеру ісінде соңғы жылдары қазақ күресінің халықаралық федерациясы толайым табыстарға қол жеткізіп келеді. Соның нәтижесінде спорттың осы түрі бойынша халықаралық турнирлер, әлем және Еуропа чемпионаттары жүйелі түрде өткізіліп жүр. Ал биыл ҚКХФ мұрындық болған қазақ күресінен өткізілген әлем чемпионаты тәуелсізді күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Кеше қазақ күресі бойынша Ақтөбе қаласында жалауы көтерілген әлем чемпионатына 40-тан астам елдің палуандары келіп, белдесуді бастап кетті.
Басылым басшылары • 15 Желтоқсан, 2019
Басылым басшылары - Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ (02.1921-10.1921)
Ж.Аймауытов қазiргi Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Қызылтау атырабында туған. Әкесi Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында бiлiктi кiсiлер екен. Жүсiпбек жастайынан арабша хат танып, оқу үйренген. 15-16 жасында Павлодарға барып, орысша-қазақша екi кластық мектепке түседi. Бiр жағынан бала оқытып, қаражат табады.