Бокс • 09 Желтоқсан, 2017
Иван Дычко қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Иван Дычко (2-0, 2КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2017
«Егемендіктер» Ақселеу Сейдімбекті еске алды
Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде көрнекті этнограф, публицист Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған кездесу өтті. Дөңгелек үстел басындағы басқосуға қазақтың біртуар ұлымен бірге жүріп, бірі аға, бірі дос, іні болған мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, жазушы Қойшығара Салғараұлы мен Алдан Смайыл және Сауытбек Әбдірахман қатысты. Тағылымды кездесуге келген қонақтардың қатарында Ақселеу Сейдімбектің қызы Перизат та болды. Сондай-ақ зиялы қауымның Алаштың Ақселеуі жайлы айтылған естеліктерін тыңдауға газет ұжымы да жиналды.
Әлем • 08 Желтоқсан, 2017
Трамптың сөзінен кейін Газа секторында қақтығыс болды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалим қаласын Израиль астанасы ретінде мойындағаннан кейін Газа аймағында дүрбелең туындады. Бұл аймақтағы ХАМАС ұйымы Трамптың шешіміне қарап қалмайтынын, «қаһар күнін» ұйымдастыратынын жеткізді.
Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2017
Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысы өтті
Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2017
Гауһар Алдамбергенова: Латын әліпбиі отандық ғылымның дамуына тың серпін береді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген көкейкесті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Елбасының латын қарпіне кезең кезеңмен және жүйелі түрде көшу туралы Жарлығы өркениетаралық және мәдениетаралық өзара әрекеттестік пен сұхбат жолына қызмет жасайды. Латын әліпбиіне өтудің тиімді тұстары қандай? Артықшылығы неде? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гауһар Алдамбергеновамен сұхбаттасқан едік.