Қоғам • 16 Желтоқсан, 2019
Желтоқсан... Еркіндік... Азаттық
Бұл ұғымдар Жер бетіндегі жұмыр басты әр пенденің басты арманы, басты құндылықтары. Оның түп-тамыры, сірә, Жаратушы Иенің өз кеңшілік-мәрхабатымен адам баласына сыйлаған еркіндік-еріктілігінен бастау алса керек. Адам баласы өз еркімен таңдау жасап, Жер бетінде қаласа оң, таза, ақ жолмен жүреді, қаламаса – теріс жолға түсуге де ерікті. Әрине теріс жолдың кесірі мен жауапкершілігі және өзіне тиесілі.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздікке дайындық қалай жүрді?
Қоғамда «КСРО қазақ дипломаттарын даярлауға неге құлықты болмады?» деген риторикалық сұрақтың қойылып келе жатқанына біраз уақыт болды. Пікір әрқилы. Сырт көзге оның әрбірі қисынды болып көрінеді.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Азаттық жолындағы тарихи қадам
Адамзат дамуының ұлы табыстарының бірі саналатын мемлекет әр халықтың өмірінде тағдыршешті рөл атқарды. Мемлекеттік билікті дұрыс қалыптастырған жағдайда ол қоғамның бірігуі мен дамуына әсер етеді. Қоғамдағы ішкі қайшылықтардың алдын алады және сыртқы қауіптерден қорғайды. Ал өзінің негізі – халықтан алыстап, оның бақылауынан тыс саяси күшке айналса, қоғамның дамуына кедергі келтіреді. Адамзат тарихынан осындай қарама-қайшылыққа толы оқиғалар туралы мысалдар келтіруге болады. Тарихи тәжірибе қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде объективті қажеттілік ретінде мемлекет пайда болатынын және ұлт тарихында прогрессивті рөл атқаруы тиіс екенін деректер дәлелдейді.
Әлем • 16 Желтоқсан, 2019
Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан
Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2019
Қиын сәтте де бірге болғанбыз!
Тәуелсіздік деген теңдессіз қуаныш, басымыздағы бақыт. Жер бетін мекен еткен халықтың арасында қырыққа жуық түркі ұлты өмір сүреді екен. Олардың жалпы саны әлем халықтарының ішінде 250 миллион шамасында екенін біліп отырмыз. Бұл көрсеткіш Ресей құрамындағы жалпы адам санымен барабар деген сөз. Осы қырықтан аса түркі ұлтының ішіндегі алтауы дербес мемлекет. Солардың бірі – менің Отаным Қазақстан. Көз алдымызда өткен тәуелсіздіктің отыз жылға таяу мезгілі әне-міне дегенше өте шығыпты. Бұл отыз жыл әлденеше ғасырлық тарихты басымыздан өткізгендей шежіреге толы, оқиғаға бай, табысқа кенелген, таңғаларлық керемет кезең болды дер едім.