Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Орал қаласында жаңа зауыт ашылды
Орал қаласында тәуелсіздік күні қарсаңында кабелді өткізгіш өнімдерін шығаратын «Орал Кабель» ЖШС зауыты іске қосылды. Зауыт өнімдері негізінен Қазақстанның ішкі сұранысын қамтиды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің айтуынша, болашақта бұл өнімдер Ресейдің көршілес өңірлеріне экспортталуы мүмкін.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Батыс Қазақстан облысында 5 ауылға табиғи газ жетті
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданына қарасты бес ауылға табиғи газ құбыры тартылып, тұрғындар көгілдір отынға қол жеткізді. Айта кетейік, бұл ауылдардың дені округ орталығы емес, бұрынғы кеңшар бөлімшесі болған шағын елдімекендер.
Руханият • 17 Желтоқсан, 2019
Оралда VIII «Алтын домбыра» айтысы өтіп жатыр
Орал қаласында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» деген атпен VIII «Алтын домбыра» республикалық айтысының іріктеу кезеңі өтті. Айтыстың алғашқы күні еліміздің әр өңірінен келген 20 ақын он жұп болып айтысты.
Спорт • 17 Желтоқсан, 2019
Оралда жаңа спорт алаңдары ашылды
Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі күні «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры оралдықтарға екі спорт алаңын сыйға тартты. Жаңа алаңдар қаланың «Құс фабрикасы» және «Балауса» аудандарында орналасқан.
Басылым басшылары • 16 Желтоқсан, 2019
Басылым басшылары - Ораз ИСАЕВ (07.1926-08.1926)
Ораз Жанұзақұлы бұрынғы Орал облысының Iлбiшiн уезiне қарасты Қарасу болысында дүниеге келген. Сол жердегi орыс-қазақ мектебiнде оқып, хат таныған. Еңбек жолын 1916 жылы ауыл әкiмшiлiгiнде хатшы болып бастайды. 1917 жылы Шалқар болысында земство басқармасының хатшысы және уездiк милиция хатшысы болып iстейдi.