Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2017
Оффшордағы ақша қайтарылуы керек
Жуырда болған «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты ұлттық телекөпірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ресурстардың арқасында тапқан қаражаттарын шетелдерде жинақтайтын бизнесмендердің ісін қатты сынады. Бүгінгі таңда отандық 18 компания шетелдерде 12,5 млрд долларға жуық қаражаттарын ұстап отыр екен. Президент Үкімет басшысына оларды елге қайтаруды тапсырды. Сонымен қатар Елбасының сөзіне қарағанда, мемлекеттің қарамағына қарайтын компаниялардың өзі үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында сыртта сақтайтын қаражаттарын 2 млрд-тан 6 млрд долларға дейін өсірген.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017
Солтүстік Қазақстан полицейлері хапкидо жауынгерлік өнерін меңгерді
Солтүстікқазақстандық полицейлер хапкидо жауынгерлік өнерінің базалық әдістерін меңгеру дайындығынан өтті. Оны «Ер Нұр & Ника» қазақ-кәріс достығының қоғамдық қоры мен Оңтүстік Кореядан келген меймандар ұйымдастырды.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2017
Ерекше мамандық иелеріне айрықша қолдау қажет
Бүгінгі күнге дейін балет, цирк, хореография және би өнерімен айналысатын әртістердің зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі дұрыс шешімін таппай отыр. Қолданыстағы зейнетақы заңнамасында аталған әртістердің зейнеткерлікке шығуы жалпы талаптарға сәйкес болып келеді, яғни ерлер 63, ал әйелдер 58 жасқа толғаннан бастап зейнетке шыға алады. Енді, 2018 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасы 63 жасқа дейін бірте-бірте ұлғаятыны мәлім. Әрине, қажетті сома жинақталған жағдайда демалысқа бекітілген мерзімге дейін шығуға болады, алайда аталған әртістердің жалақысы жоғары деңгейде еместігі айдан анық. Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әртістердің жекелеген санаттарының, сондай-ақ жұмыстары белгілі бір тәуекелмен байланысты басқа да мамандықтар қызметкерлерінің зейнеткерлікке неғұрлым ертерек шығу проблемасы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің шеңберінде шешілетінін атап өтуде.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017
Захар Бочиннің 3-дәрежелі Даңқ ордені ұлына табыс етілді
Павлодарда Захар Бочиннің 3-дәрежелі Даңқ ордені ұлы Виктор Бочинге табыс етілді.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017
Солтүстік Қазақстанда бөген салынды
Биылғы көктемгі су тасқынының зардаптарын өңір тұрғындары ұмыта қойған жоқ. Оның салдарынан 380 тұрғын үйді, 5 мыңға жуық саяжай учаскекелерін су басты.