Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін өзінің инстаграмм парақшасына Алматы қаласының атауын өзгерту мәселесін қарастырмағандығы туралы жазды. Онда әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ делінген.
Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2019
Еліміздің жүз жылдық жылнамасы болған аға газеттің мерейлі межесі құтты болсын! - Дархан Қыдырәлі
1919 жылы Орынбор қаласында «Ұшқын» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бұл қазіргі Egemen Qazaqstan газеті, деп жазды «Egemen Qazaqstan республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында.
Руханият • 17 Желтоқсан, 2019
Биыл жүз жылдық межесін атап өткен республикалық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет істеп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күні елордада 55 сәби өмірге келді
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін 0.00-.16.00 аралығында қаладағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүние есігін ашқан, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Басылым басшылары • 17 Желтоқсан, 2019
Басылым басшылары - Ғаббас ТОҒЖАНОВ (08.1925 – 05.1932)
Ғ.Тоғжанов қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы Жарқын ауылында Сәдуақас бидiң отбасында дүниеге келген.