Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2017
Этномәдени бірлестіктер елорданың мерейтойына атсалысады
Астанадағы 24 этномәдени бірлестік елорданың 20 жылдығын мерекелеуге белсенді атсалысатын болады. Бұл туралы Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017
ОҚО-да келер жылы 320 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі
Бүгінгі өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында 2018 жылғы облыстық бюджеттің жалпы көлемі 447,7 млрд. теңге болып бекітілді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32,3 млрд. теңгеге өскен. Бұл жөнінде облыстық депутаттар алдында 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндаған экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді.
Қысқы спорт • 11 Желтоқсан, 2017
ШҚО спортшылары Финляндия жерінде жеңіске жетті
Шығысқазақстандық қос бірдей спортшы Швецияның Рука қаласында өткен фристайл могул бойынша әлем кубогінің алғашқы кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Жамбылдағы көлік жолдарының қыс мезгіліне әзірлігі қандай?
Қарапайым халықтың қыс қамына ерте бастан кірісетіні белгілі. Әсіресе ауылды жерлерде мал азығын, отын-су дайындау жұмыстары толастамайды. Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс мезгілінде бұдан өзге мәселелер тағы бар. Ауыл мен ауылдың, қала мен қаланың арасын жалғап жатқан жолдың жайы тұрғындар үшін қай кезде де маңызды.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық жиында облыстық ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын таныстырды.