Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Ұлы Абай жазған заң жинағының түпнұсқасы Шығыс Қазақстанға әкелінеді
Абай атамыз заңды 3 күнде жазып шыққан деген деректер бар.
Әлем • 17 Желтоқсан, 2019
Мадридте Азия мен Еуропа елдері арасындағы әріптестікті тереңдету перспективалары талқыланды
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Азия-Еуропа» форумына қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің 14-ші кеңесіне (СІМК) қатысты. Іс-шараға 51 Азия мен Еуропа, сондай-ақ ЕО мен АСЕАН елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.
Видео • 17 Желтоқсан, 2019
Egemen Qazaqstan газетінің өзгеру тарихы (видео)
1919 жылдың 17 желтоқсанында Орынбор қала сында басылып шыққан «Ұшқында» Халел Есенбаев, Мəннан Тұрғанбаев, Тамимдар Сафиев, Ешмұхаммед Бегалиев жəне Бернияз Күлеев секілді азаматтар еңбек еткен. Газеттің алғашқы санында басқарманың «Оқушыларға» деген үндеу мақаласы, Ерғали Алдоңғаровтың «Сиезге əзірленіңдер» мақаласы мен ақын Бернияз Күлеевтің «Ұшқынға» атты өлеңі жарияланған. Газет өз заманында қоғамдағы өзгерістердің барысын, жер-су, оқу-ағарту мəселелерін кеңінен жазды. Халел Есенбаев, Бернияз Күлеев редакторы болды. Одан кейінгі тарихы жайлы төмендегі видеодан білуге болады.
Руханият • 17 Желтоқсан, 2019
«Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» экспозициясы заманауи форматта ұсынылған
Жиырма жылға жуық тарихы бар Алматы музейі алматылықтар үшін қала тарихы, Жетісу өлкесінің тарихын танудағы ірі мәдени орталықтардың бірі.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Алматы облысы тұрғындарының 78 проценті ауылда тұрады
Биыл Алматы облысындағы тұрғын халық саны 2050,9 мың адамды құрады. Статистика дерегі бойынша, ел-жұрттың 22 проценті қалада тіршілік етеді, ал 78 процент тұрғынның мекені - ауыл.